13 C
Нур-Султан
06.10.2022

Таңжарық оқулары өтеді

Үстіміздегі жылдың 18 наурызында Қыздар университетінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай «Халқым, сен, шын тіленіп табынарым» деген атпен екінші рет Таңжарық оқулары өтеді.
Алаш ұранды әдебиеттің белді өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағартушы Таңжарық Жолдыұлының өлеңдерін, өнегелі өмірін дәріптеп, жас ұрпақты қазақ әдебиеті мен тарихының ақтаңдақтарын ашуға, зерделеуге шабыттандыру мақсатында өтетін шараға Алматы қаласы ЖОО студенттері қатысады.
Шараға қатысушылар екі кезең бойынша сынға түседі. Бірінші «Өткір ой, жүйрік қиял, қырағы көз, адамға бітеді алуан түрлі мінез», — деп аталатын кезеңде жеке немесе командалық (3-5 адам) өнер байқауы өтеді. Мұнда қатысушылар ақын шығармашылығы негізінде шағын театрландырылған қойылым көрсетіп, ақынның өлеңдерін (кемі 2-3) мәнерлеп, жатқа оқудан сайысқа түссе, екінші кезеңде «Ақылға келсе сай боп айла серік, болжайды бәрін ақыл бұрын көріп», деген тақырып аясында ақын өмірі мен шығармашылығы, айтыскерлік таланты мен қайраткерлік тұлғасы жайында қойылған сұрақтарға жауап береді.
Таңжарық оқуларына қатысушыларға қомақты жүлде тігілген. Қаржылай демеуші: «Халықаралық Таңжарық зерттеу» қоғамдық қоры.
Кештің құрметті қонақтары: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, белгілі әдебиеттанушы, таңжарықтанушы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
2015 жылдың 17 наурызы сағат 10.00 — де іріктеу басталады. Байқауға қатысуға ниетті үміткерлер 13-наурызға дейін төменде көрсетілген мекен-жайға өзі туралы қысқаша мәліметтер көрсетіп тіркелуі қажет.
Ұйымдастыру комитеті:
ҚазМемҚызПУ, Қазақ әдебиеті кафедрасы. 218 каб.
Байланыс тел: 233-19-31. 8-701-148-20-10.
Электронды мекен-жай: d.tursyn@bk.ru

Шараның өтетін күні: 18 наурыз, 2015 жыл.
Басталуы: сағат 14.00-де.
Өтетін орны: ҚазМемҚызПУ, Гоголь көшесі, 114, Акт залы, 3-қабат.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...