02.05.2024

Эльмира Суханбердиева: Мектепке – тіркеу, балабақшаға – кезек бойынша қала тұрғындары сұрақтарына жауап берді.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваға «ашық желі» барысында елордалықтар күнделікті қарапай сұрақтарды ғана емес, сонымен қатар мектептегі тамақтану, қауіпсіз жол және балабақшадан орын алу мен ҰБТ, 12 сыныптық жүйеге көшу секілді маңызды сұрақтарды қойды, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Сіздерге қойылған сұрақтардың ішіндегі маңыздыларын іріктеп ұсынып отырмыз. Көкейтесті сұрақтарыңыз болса жауап ала отырыңыздар.

Роза:

— Мектеп асханаларындағы тағам дәмсіз, суық әрі қымбат. Менің балам 3-сыныпта оқиды, осы жылдар жүзінде, өкінішке орай, ештеңе өзгермеді…

— Бастауыш сыныптардың оқушылары толықтай тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген. Ыстық тағамдар мәзірі Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және Қазақ тағамтану академиясымен мақұлданған. Оқушыларға арналған тағамның суып қалу фактісі сол мектептегі бала санының көп болуына байланысты, мысалы, асханалар дастарханды үзіліске дейін алдын-ала 15-20 минут бұрын жасап қояды. Мектеп асханаларында осыған байланысты жылытқыш пештер орнатылған. Қалай болғанда да, сіздің ескертпеңізді қадағалайтын боламыз. Осыған қосарым, Астананың барлық мектептерінде «Мектептегі сүт» атты жоба жүзеге асырылып жатыр, өткен жылдан бастап барлық мектеп оқушыларының жұмалық тамақтану мәзіріне Қазақ тағамтану академиясы және тамақтану мәселелері институтының мақұлдауымен бал тұтыну енгізілген.

Оксана:

— Сәлеметсіз бе, менің есімім Оксана. Біз жұбайымыз екеуміз 2005 жылы неке қидық, бірақ денсаулығыма байланысты бала көтере алмаймын. Біз бала асырап алуды жөн санап отырмыз. usynovite.kz сайтынан жеті жасар қыз баланың суретін көрдік, ол бізге қатты ұнады. Енді не істеу қажеттігін айтыңызшы…

— Сәлеметсіз бе, Оксана! Бұл мәселе бойынша Астана қаласы Білім басқармасының балаларды қорғау, асырау және қамқорлық бөліміне хабарласуыңызға болады. Тұрғындарды қабылдау күні – сейсенбі және бейсенбі, сағ. 14.00-17.00 дейін.

Жанар:

— Көп балалы отбасылар үшін Оқушылар сарайында арнайы секциялар мен үйірмелерге бару үшін жеңілдіктер қарастырылған ба?

— Оқушылар сарайларында Жарғыға сәйкес, көп балалы отбасыдан шыққан оқушылар үшін жеңілдіктер қарастырылған, қажетті құжаттарды көрсеткен жағдайда үйірмелер мен секцияларға тегін қатысуға болады.

Асқар Қалиев:

— Былтыр ҰБТ алып тастайды деген әңгімелер көп айтылды. Биыл тестілеу қалай өткізіледі, бұрынғы формат бойынша бола ма?

— Биылғы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілген жоқ.

Галина Евгеньевна:

— Жалғызбасты аналар балаларды балабақшаға орналастыру үшін жеңілдік санатындағы азаматтарға жата ма?

— 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» заңының 52 бабы 3-тармағына сәйкес, балаларды кезектен тыс балабақшаға орналастыру мүмкіндігі әскери қызметкерлерге, сонымен қатар, өзінің жеңілдікке ие санатын дәлелдейтін тұрғындар үшін қарастырылған (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысына сәйкес). Жалғызбасты аналар жоғарыда аталған санаттарға жатпайды.

Әлия:

— Менің балам биыл мектепке барады. Осыған дейін балаларымыз 12 жылдық жүйе бойынша оқиды деп айтылған. Балам қанша жыл оқиды – 11, әлде 12 жыл ма?

— Жаңа оқу жылында мектепке баратын балалар бұрынғы 11 жылдық жүйе бойынша оқиды. Қазіргі кезде қалалық мектептерде 12 жылдық оқу жүйесіне көшу бойынша тәжірибелер жүргізілуде. Бүгінгі таңда 12 жылдық тәжірибелік сыныптар № 3, 18, 38 және «Голубой парус» мектептерінде ашылды.

Шолпан:

— Менің балам 2012 жылы туған, біздің кезек 17 мыңыншы. Кезек жылжып, 13 мыңыншы болдық. Біздің балабақшаға баратын мүмкіндігіміз бар ма?

— Білім басқармасы балабақшаларға балаларды қабылдауды жыл сайын маусым айында жүргізеді. Бұл шараның қарссаңында барлық ақпарат қала әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Балабақшадағы орындар кезектің келуі бойынша беріледі.

Анар Алпысбаева:

— Менің балаларым биылғы оқу жылында № 78 мектеп-гимназиясына барды. Аталмыш мекеме шынымен де өте әдемі және заманауи техникамен жабдықталған. Бірақ мені, мектепке баратын жолдың қауіпсіздігі алаңдатады. Балалар күн сайын жаяу жүргінші жолағы жоқ жерден жалғыз өтуге мәжбүр. Біз түрлі басқармаларға осы шағымдармен хабарласқан едік…

— Бұл сауал жыл басынан бері қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Есіл» ауданының әкімдігіне бірнеше рет жолданған болатын. Хаттар мен фотопікірлер осы ведомстволардың қарауында.

Сәуле Маханова:

— Менің балам биыл бірінші сыныпқа барады. Үйге жақын мектепке баратын мүмкіндігіміз бар ма?

— Бала тіркелген мекен-жайы бойынша мектепке қабылданады.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА