26.04.2024

Д.Назарбаева Қытайдың ЖОО-лары негізінде Абай институттарын құруды ұсынды

Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының жанынан Конфуций институттары тәрізді Абай институттарын құруға болар еді. Мұндай ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева ҚХР білім министрі Юань Гуйжэньмен кездесуі барысында білдірді, — деп қабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының негізіндегі төрт Конфуций институты екі ел арасында сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыру және сіздердің елдеріңіз туралы білім көкжиегін арттыру үшін көп істер атқаруда. Келесі жылы біздің елімізде айтулы дата — қазақтың ұлы ойшылы, философы және ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толу мерейтойы атап өтілмек. Бейжіңде ұлы ақынға арналған ескерткіш орнатылған. Енді біз ҚХР-дағы жетекші жоғары оқу орындарының базасында Абай институттарының құрылса, қуанар едік», — деді қазақстандық делегация басшысы.

20141028022907Өз кезегінде Қытайдағы білім саласының жай-жапсарына тоқталған Юань Гуйжэнь ҚХР Ұлттар университетінде қазақ тілі кафедрасы жұмыс жасайтынын, оның қазіргі кезде Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеп-зерделеуде маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұл кездесуге мәжілісмендер Гүлнар Ықсанова, Гүлмира Исімбаева, Надежда Петухова, Алдан Смайыл, Светлана Ферхо, сондай-ақ Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық дипломаттар қатысты.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА