18 C
Нур-Султан
21.09.2023

2016 жылдан бастап Қазақстанның бастауыш сынып оқушылары «Ғылымға кіріспе» пәнін оқиды

2015 жылы Қазақстанның 63 мектебінде бастауыш сыныптарда «Ғылымға кіріспе» жаңа пәні қабылданады, ал 2016 жылдан бастап бұл пән жаппай енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «Корея Республикасының үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауға үйрету әдістемесі» оқу семинарының барысында хабарлады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Иманғалиевтың сөзіне қарағанда, бұл пән Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде қабылданды және қазіргі уақытта оны жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осы күні аталған жаңалықты енгізу үшін бұл тәжірибе Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде Талдықорған, Астана және Көкшетеуда бастауыш сыныптарына жүргізілді. Және ол жалпы білім беретін мектептерге таралуда. Қазір біздің мұғалімдердің 27 пайызы Назарбаев интеллектуалды мектептерінің базасында үш деңгейлі курстарда өтті. Олар Кембридж университетімен бірге осы жобаны жүзеге асыруда», — деп хабарлады Е.Иманғалиев.

Семинар жұмысына Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығының президенті Хан Ми Енг, сонымен бірге Интеллектуалды меншік дүниежүзілік ұйымының өкілдері қатысты.

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Жаңадан пән енгізе беру балардың білім сапасын арттырмайды. Мысалы, факультатив ретінде енгізілген Абайтану, Алаштану және дін тану секілді пәндердің мектептерде сапалы өткізлетініне, сол пәндерді өтетіндердің сол ұғымды өздері толық таниды дегенге күмәнім бар…

  2. Алланың нұры жаусын! Мен түсінбеймін кімге керек? Айттыңыздаршы? Дінтануды қоссын бізге ауадай қажет …..

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...