| 

Ұрпақ тәрбиесі

  • АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?
    Редактор бағаны

    АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

    Әлқисса Бүгінде баласын қосымша сабаққа жаздырмайтын ата-ана кемде-кем. Иә, сонау 2014 жылы “оқушылар неге орталық жағалап жүр?” деп осы бағытта алғаш сұрау тастап мақала жазып едім, содан бері бес жыл. Бұл үрдіс қазір тіпті ауырлады, ол білім саласына пайдалы ма, әлде сын ба? Бүгінгі оқушылар неге жаппай репетиторға жүгініп кетті? Біз баламызды жаздырған қосымшаның пайдасы

  • Ата-аналар балаларымен сырласуды қойды
    Ұрпақ тәрбиесі

    Ата-аналар балаларымен сырласуды қойды

    Ата-ана интернеттен бір ақпаратты немесе қанатты сөзді оқып алып, өзін білімді санайтын жағдайлар кездесіп жатады. Біз қазіргі уақытта ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспеу мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Балалар гаджеттерге айналып, өзімен өзі болып кетті. Қазір отбасылық қарым-қатынаста мынадай тенденция байқалады: ата-ана жатын бөлмеден шығып, жұмысқа кетеді – жұмыстан қайтып келіп, баласымен аз ғана әңгімелесіп, тамақтанғасын қайтадан

  • Балаңыздың БАҚЫТТЫ және ДЕНІ САУ болғанын қалайсыз ба? Онда…
    Ұрпақ тәрбиесі

    Балаңыздың БАҚЫТТЫ және ДЕНІ САУ болғанын қалайсыз ба? Онда…

    Балалардың жай-күйіне, жан-дүниесіне үңілмеген ата-аналарды кінәламас бұрын, қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайға тоқталайықшы. Дұрыс, бала өмірге келген соң, олардың өміріне, денсаулығына, тәрбиесіне жауапты екендігімізді сезінеміз. Үлкендерде бар проблема балаларда болмайды деп ойлаймыз. Бірақ, шындығында солай ма? Балаларға барлық мүмкіндіктерді беретін ата-аналар. Десек те, балалардың қалай өсіп жатқандығына назар аудару да қажет. Балалардың проблемалары үйде басталып,

  • САНАСЫНА КЕЛСЕ – САБАСЫНА ТҮСЕДІ… немесе тәрбиенің тоғыз тірегі
    Ұрпақ тәрбиесі

    САНАСЫНА КЕЛСЕ – САБАСЫНА ТҮСЕДІ… немесе тәрбиенің тоғыз тірегі

    Жүсіпбек Аймауытов: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – баланы жан-жақты білу» дейді. Рас, кейде баланың болмысы мен табиғатын терең танымай, айтқанымызға көндіруге тырысамыз. Қабілетін ескермей, шамасынан тыс тапсырма жүктейміз. Әке мен бала арасындағы түсінбеушілік осыдан басталады екен. Осы ретте бала тәрбиесіне қатысты білсек – байқамай қалатын, сезсек – сезінбей жататын бірнеше факторларды ескере кеткіміз келеді. Біріншіден,

  • Балалар мен жасөспірімдерді қауіп-қатерден қорғай аламыз ба?
    Ұрпақ тәрбиесі

    Балалар мен жасөспірімдерді қауіп-қатерден қорғай аламыз ба?

    Балалар мен жасөспірімдерге ғалам­торды пайдалануға шектеу қойған дұ­рыс па, әлде, керісінше, талпынысын көтермелеу керек пе? «Тыйым салайық» дегенді жақтайтындар санасы әлі қа­лыптаспаған баланы интернетке тәуелді ететін қауіпті ақпаратты алға тартады. Екінші біреулер желіде балаға білім беретін бағдарлама көп, ата-анасының сауатты бақылауы бар жерде ешқандай зиян болмайды деп санайды. Екі тараптың да сөзінің жаны бар, себебі

  • Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңін қалай қадағалаймыз?
    Ұрпақ тәрбиесі

    Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңін қалай қадағалаймыз?

    1-3 жас аралығындағы бала тілі нормаланған, жүйеленген әдеби тіл қатарында болмаса да, уәжі мен толық мағынасы бар құрылым екені белгілі. Бала өмірге келгеннен дыбыстың арасында дамиды. Сол дыбыстар бала тілінің қалыптауына әсер етпей қоймайды. Соның нәтижесінде бала тілі қалыптасады. «Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің

  • Асхат Алимов. Балаға еңбек сіңіру керек!
    Ұрпақ тәрбиесі

    Асхат Алимов. Балаға еңбек сіңіру керек!

    Өткен жылы бір аудан орталығындағы Лұтбек (келтірілген есімдердің барлығы да өзгертілген) есімді мектеп директорынан мынандай әңгіме естіген едім. – 90-шы жылдардың бас шенінде ауылдағы немістердің барлығы дерлік ата қонысы Германияға үдере көше бастады. Олардың көшкенінен біз арзан үй, жиһаз, техника мен малға қарық болып қалдық. Әсіресе немістердің күніне 30-50 литрдей сүт беретін сиырларына ие болып

  • Анар Фазылжан: «Жартыкеш тілді балалар жартыкеш тұлғаға айналады»
    Ұрпақ тәрбиесі

    Анар Фазылжан: «Жартыкеш тілді балалар жартыкеш тұлғаға айналады»

    Ағылшын тілі керек, орыс тілі керек, бірақ оны қалай қазақ тілінің мүддесіне қалай жұмсаймыз? Көптілді білім беру жүйесінің моделін таңдағанда өз тілімізге нұқсан келтіріп алмаймыз ба деген мәселені мұқият ойлану керек. Себебі біздің тіліміздің ахуалын Қазақстандағы білім беру жүйесіне енгізбекші болып отырған қазіргі көптілділік компонентіндегі орыс тілінің, ағылшын тілінің ахуалымен салыстырсақ, олардан әлдеқайда тиімсіз позицияда

  • Қазақ қоғамында бала тәрбиесінде жалғыз ғана ереже бар…
    Ұрпақ тәрбиесі

    Қазақ қоғамында бала тәрбиесінде жалғыз ғана ереже бар…

    Қазақ қоғамында жазылмаған заң көп. Бірақ, бала тәрбиесінде жалғыз ғана ереже бар. Оның аты – «жаман болады». Барлық жағдайда осыған сүйенеміз. «Ойнап жүріп жылама, жаман болады», «босағаға сүйенбе, жаман болады»… Тізе берсең, баланы барлық әрекеттен шектейтіндей көрінеді. Бірақ, осы ырым-тыйымдардың түбінде ізгі ниет, игі ой жатқаны жасырын емес. Бала күнімізде неге жаман болатынын түсінбесек те,

  • Ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаздың орны…
    Ұрпақ тәрбиесі

    Ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаздың орны…

    Адамның барлығы тұлға болып қалыптасады. Қалыптасу жолында түрлі кедергілерді өткеруі мүмкін. Оның  жетілу жолында маңызды адамдардың әсері болатыны да белгілі. Олар: ата-ана, ұстаздар, қоғам. Осылардың ішіндегі ұстаз есімінің маңызы тіпті жоғары.  Кез келген адам оқушылық кезеңді басынан өткереді. Барлық адам партада отырып, ұстаздың алдынан өтеді. Тұлға болып қалыптасқан және тұлға болу жолында қалыптасып келе жатқан

Кирил     توتە     Latin

Редактор бағаны

Абайдың қара сөздері

Ахметтің 40 мысалы

Соңғы пікір

  • Білім саласын бірігіп көркейтейік, не дегенмен оқушылардың басым бөлігі қазір орта мектептерде білім алуда, менің өтінішім мектеп оқушыларына барынша көмек беріңіздер.

    by Бектұрғанов Нұрлан АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

  • Сайлау -б ұл демократияның ұлы тойы деп білемін, кім өзінің тойын сәтсіз, қызықсыз, әділетсіз өткізгісі келеді.

    by Бектұрғанов Нұрлан Аятжан Ахметжанұлы. Сайлау туралы

  • Мұғалім мәртебесін көтеру өте орынды. Бір кездері төрден орын алған ұстаздар қазіргі қоғамда ең қорғансыз ,көнбіс пендеге айналды. Ата- анадан ,баладан ,қоғамнан түрлі сөз естіген ұстаз-келешек мектептен безетіндей деңгейге жетті.Мұғалім еңбегі әділ бағаланып жатырған жоқ. Оған 33 жыл еңбек еткен менің дәлелім жеткілікті. Мұғалімде бос уақыт деген мүлде жоқ. Сабаққа дайындалу, дәптер тексеру, оқушы күнделігін тексеру, ата-анамен байланыс, қосымша жиын-семинар т.б,оқушының сабақтан соң аман сау үйіне жетуі, демалыс күндергі оқушы қауіпсіздігіне алаңдау, үлгірімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасау, кәсіби іздену ... сансыз жұмыстың арасында өз отбасы мен өз денсаулығын ойлауға уақыт таппай жанталасады.Мұның бәрі мұғалімді адами тұрғыдан шаршатса, арасында кабинет шаңын сүрту, кабинетті безендіру, гүлдендіру қаражат жағынан шаршатады.Мұғалім 50-55 жасында (әйелдер) ЗЕЙНЕТКЕ шығуы қажет. Сонымен бірге мұғалім құқығы кез келген жерде тапталмауы керек. Ол мектептің білікті басшысы болуын қажет етеді. Мектеп -құрметті мекеме болуы керек. Сонымен бірге тек педагогтер мәртебесімен шектелмей мектепте қызмет атқаратын техникалық қызметкерлерді оларға қажет құралдармен толық жабдықтап, жалақыларын көтеру қажет.Ал мектептегі педагогтерге теңестірілген тұлғалар-зертханашылар жалақысын көтеру ешкімнің ойына келмейтін сяқты.Сегіз сағат пән мұғалімдерімен бірге( химия, физика, биология) кабинет тазалығынан бастап ,зертханалық құралдарды дайындауда олардың еңбегі ұзақ жылдардан бері 45 мыңмен төленуде. Бұл да министрлік назарын аударатын мәселенің бірі.

    by Абжамиқызы «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • ЗЕЙНЕТ ЖАС 63КЕ ДЕЙІН ӘЙЕЛ АДАМДАРЫ ҮШІН ӨТЕ ҚИЫН МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН БІР ТҰРАҚТЫ 30 жылдан кейін мектептен өз еркімен жіберетін кез келді ол ұстаз бір салада үзбей еңбек етіп ұзақ еңбегі сіңді

    by Айко «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • Қайырлы күн! Мұғалім мәртебесі туралы заңда мына мәселелердің қарастырылуын ұсынамын: 1. Мұғалімдерді ертелі-кеш бітпейтін жиындарға жіберу тоқтатылсын. Залды толтыру үшін білім беру саласына қатысы жоқ жиындарға да бізді жіберіп жатады, осы мәселе шешілсін. Бұл біріншіден, сабақ процесінің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді, екіншіден бізгі тіпті қатысы жоқ. 2. Мектептерде мұғалімдердің барлығы қажетті техникамен, кеңсе құралдарымен қамтамасыз етілсін. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіп жатырмыз, бұл бағдарлама бойынша сабақтың тиімді өтуінің басты факторы техникалық жабдықтар. Дұрыс, берілді ноутбук та беріліп жатыр, интерактивті тақта да бар. Бірақ аудио-видеоны тыңдайтын құрылғы, интернет жоқ. Жиынтық бғалауды алу үшін тапсырманы әр оқушыға шығарып беруіміз керек, оған тағы принтер жоқ. Әр кабинетте көрнекілік құралдар, түрлі-түсті магниттер, түрлі түсті қаламдар тұруы керек, бұл да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. 3. Мектеп және мұғалім баланың ТЕК БІЛІМІНЕ жауап беретін болсын. Олардың сабақтан тыс уақытта, мейрам кездерінде, түнгі уақытта көшеде жүруіне немесе бұзықтық жасауына үйіндегі ата-анасы жауап беретін болсын. Бұл үшін мектеп жауапқа тартылғаны доғарылсын. 4. Үшінші пунктке тағы қосымша, баланың басының биттеп кетуі, киімінің кірлеуі деген т.с. мәселелер тағы ата-ананың жауапкершілігінде болсын, баланың тазалығы мен гигиенасы ата-ананың мойнында. 5. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі Ұстаздар күнінде сыйақы берілетін болсын. 6. "Совместитель" болып жұмыс істеуге тыйым салынсын, бұл мұғалімді екі жаққа алаңдатып, соңында сабақтың сапасының төмендеуіне әсер етеді. Әрі қарай тағы жалғасы бар) есіме түскенде жазам

    by Қарапайым мұғалім «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

Серіктестер




Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog