07.07.2024

Республикалық “QAZBILIM” орталығының Ақтау қаласы бөлімшесі ашылады

Құрметті Маңғыстау облысы тұрғындары!
⠀5 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан нәтижелі білім ордасы Республикалық “QAZBILIM” орталығының Ақтау қаласы бөлімшесі ашылады.
Алғаш 2013 жылы наурызда ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосу мақсатында «Қазбілім» порталы (kazbilim.kz) ақпараттық, сараптамалық сайты негізінде, 2016 жылы ақпан айында ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде өз жұмысын бастаған Республикалық “QAZBILIM” орталығы Маңғыстау өңірінен алғашқы бөлімшесін ашады.

Бүгінде республикаға танымал орталық үш бағытта қызмет атқарады:
1. Қосымша білім беру (qazbilim.kz);
2. Ақпараттандыру (kazbilim.kz);
3. Оқу-әдістемелік құралдарын дайындау (kitap.qazbilim.kz).

Республикалық “QAZBILIM” орталығы Ақтау қаласы бөлімшесінің ашылу бағдарламасы:

✅ 2020 жылы 28 тамыз 14:00
Мұғалімдер конкурсы (Тестілеу және сұхбаттасу)

✅ 29 тамыз 10:00-20:00 арасы
“Ашық есік күні”

✅ 29 тамыз 11:00
Ашылу салтанаты

✅ 29 тамыз 17:00
10-11 сынып оқушыларына арналған “Мамандық таңдау және болашақ” атты мотивациялық семинар-тренинг

✅ 30 тамыз 10:00
5-6 сыныптарға арналған, Назарбаев Зияткерлік Мектебіне (НИШ) дайындық бағытындағы ТЕГІН (пробный) деңгейлік тест

✅ 30 тамыз 14:00
10-11 сыныптар үшін ҰБТ-ға арналған ТЕГІН (пробный) деңгейлік тест

✅ 30 тамыз 15:00
Мұғалімдерге арналған “Дарынды балаларды анықтау және олимпиадаға дайындау әдістері” тақырыбында ТЕГІН семинар-тренинг.
Қатысушыларға сертификат беріледі.

Тренер:
Республикалық “QAZBILIM” орталығы бас директоры, Еуразия ұлттық университеті PhD докторанты, ақын, блогер Аятжан Ахметжанұлы.

Жеңілдіктер:
❇️ 1 қыркүйекке дейін тіркелушілерге 25% жеңілдік
❇️ Деңгейлік тестілеу қатысушылары арасында жоғары балл жинағандарға жылдық 50%, 30%, 20% жеңілдік сертификаттары сыйға беріледі.

❗️Барлық тренингке қатысу ТЕГІН.
Орын саны шектеулі. Деңгейлік тест тапсыруға және тренингтерге алдын ала тіркелу міндетті.

⏳Сабақ басталуы:
1 қыркүйек 09:00.

📍Біздің мекен–жай:
Ақтау қаласы, 29 шағын аудан, Толқын 2. 120 ғимарат (28 мектептің қасында).
Байланыс: 8 701 762 8008.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА