04.07.2024

Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасының нәтижесі шықты

15-17 маусым күндері 4, 5, 10 сыныптар арасында өткен Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасына 250-ге жуық оқушы қатысты. Әлемде болып жатқан COVID-19 індетінің кесірінен елімізде дәл қазір карантин жағдайы. Сол себепті өтініш берген қанша оқушы қатыса алмады.

Қазбілім қазақ баласына мүмкіндік сыйлауды басты мақсат еткен Қазбілім ұжымы орталық ашылғалы бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеді. Ол мектепте жақсы оқитын және отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау.

Алдағы оқу жылына да дәл осы үрдісті дамыту, сапалы білім беру мақсатында олимпиадада ең жоғары балл жинаған оқушыларға және кейбір оқушылардың отбасылық жағдайына байланысты 100%, 70%, 50%, 30%, 20% жеңілдіктер берілді,

Бір ескерелгі олимпиада нәтижесінде берілген гранттар 2020 жылы 1 шілдеден 2021 жылы 1 наурызға дейін беріледі. Грант иегерлері 15 қыркүйекке дейін сабағын бастамаған жағдайда сертификаты күшін жояды.
Сертификат тек қатысушының өзі үшін Республикалық “QAZBILIM” орталығының кез келген бөлімшесінде оффлайн немесе онлайн оқуға жарамды.

Олимпиада нәтижелерін орталықтың ресми сайтынан көре аласыздар. www.qazbilim.kz

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА