16.07.2024

«Балапан» телеарнасында «Алтын Құлын» атты Халықаралық жыр додасы өтеді

Балапан

«Балапан» телеарнасы жас жыршылардың арасында елімізде алғаш рет «Алтын Құлын» атты Халықаралық жыр додасын ұйымдастыруда! Байқауға 7 мен 15 жас аралығындағы халқымыздың асыл мұрасы ауыз әдебиетіміз бен мәдениетімізді жалғастырушы дарынды, өнерлі балалар қатыса алады. Байқаудың өңірлік іріктеу турлары мамыр айының 13і мен 19 аралығында өтеді. Оған Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдерінің жас дарындары қатысады.

Қойылатын негізгі талаптары:

– Батырлар жырын мәнерлеп оқу шеберлігі
– Байқауға берілген (жас ерекшелігіне қарай) «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» жырларын міндетті түрде толығымен жатқа білу және басқа да жырлардан үзінділер оқу
– Қазақтың ұлттық аспаптарының бірінде ойнай білу
– Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу
– Қазақи нақыштағы киім үлгісі
– Жыр айтудан басқа да өз өнерін көрсету, яғни ұлттық аспаптың сүймелдеуімен халық әндері, термелер орындау немесе күй тарту

Қатысатын талапкерлердің жас ерекшеліктері:

1. кіші топ, 7-11 жас аралығы
2. үлкен топ, 12-14 жас аралығы

Байқаудың өткізілетін мерзімі және орны;

1. Аймақтық айналым өңірлерде 2014 жылдың 13-19 мамыр аралығында (Атырау, Орталық Қазақстан (Шымкент), шығыс Қазақстан (Өскемен), Ақмола (Көкшетау) облыстары және Алматы мен Астана қалаларында өтеді.)
2. Жартылай және ақтық финалдар маусым айында Астана қаласында өтеді.

Бағаланатындар:
– Баланың жаттау және есте сақтау қабілеті
– Баланың оқу мәнері
– Актерлық шеберлігі

Тұңғыш дарынды жыршылардың өнер бәйгесінде өз бағыңды сына! Нағыз қазақтың баласы атан! Байқау ережелері мен жыр нұсқаларын «Балапан» телеарнасы сайтынан (balapantv.kz) аласыздар.

Kazbiilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА