24.07.2024

Астана мен Өскеменде «Smart-мектептер» атты қанатқақты жобалар іске асырылды

– Астана қаласының № 64 мектебі мен Өскемендегі № 2 Кешенді мектеп-гимназия-балабақшасында «Samsung Smart School» қанатқақты жобасы іске асырылуда. Олардың тиімділігі бүгін Назарбаев Университетінде өткен «білім беру үдерісіндегі оқытудың интербелсенді нысандарының рөлі» атты дөңгелек үстелде талқыланды.

«Біздің мектепте «Samsung Smart School» жобасы 2013 жылдың қарашасында іске қосылған болатын. Мұндай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың ынтасын едәуір көтеріп, сабақта жасалатын жұмыс көлемін ұлғайтып, түрлі анықтамалық жүйелерге, электронды кітаптарға және басқа да ақпараттық көздерге қолжетімділікті арттырады. Әр оқушы өзінің планшеті арқылы басқа оқушылармен түрлі ақпараттармен бөлісе алады», – деп атап өтті Өскемендегі № 2 Кешенді мектеп-гимназия-балабақшасының директоры Күлзира Мұхамедиева.

Ал Астанадағы № 64 мектептің 4 «в» сыныбының жетекшісі Гүлмира Мұқанованың айтуынша, аталған технология мұғалімнің білім деңгейін тексеру үдерісін едәуір жеңілдетіп, сабақ тексеруге кететін уақыт үнемделеді, сондай-ақ жаңа сабақты түсіндіру кезінде түрлі интербелсенді иллюстрацияларды, динамикалық қосымшаларды қолдануға жол ашады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жобаның балаға зиянды жақтары да жоқ емес. Мәселен, күні бойы экранға телмірген баланың көз жанарының нашарлауы, ортамен байланыстың азаюы, қолмен жазу машығының төмендеуі, кітап оқуға зауқының соқтауы сияқты мәселелер аталып өтті.

Жалпы, «ақылды» қоғам идеясы бойынша, әртүрлі салаларда инновациялық техникалық құралдарды, қызмет көрсетулерді және интернетті пайдалану адам өмірінің барлық аспектілерін жақсартуға негіз қалайды. Осы стратегия АҚШ, Корея, Жапония және көптеген еуропалық елдер үшін эталон болып табылады. Осы елдердің болашақтағы ұлттық байлығының негізін анықтау барысында Дүниежүзілік банктің жүргізген зерттеулері жария етілді. Зерттеу бойынша болашақта бұл елдердің ұлттық байлынының тек 5 пайызы ғана пайдалы қазбалардан болады. Ал өндірістік капитал 18, оларды тиімді пайдалану алу білімі мен дағдысы 77 пайызды құрайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда білім беру үдерісінде пайдаланылатын жаңа технологиялар туралы «E-Learning» электрондық оқыту жүйесін ұлттық деңгейде ендіру жөніндегі қызметтерді бастауға мүмкіндік берген Мемлекет басшысының 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын мақұлдау кезеңінен бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігіның ресми сайтынан алынды.
Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА