07.07.2024

Жұмысқа тұрғызу үшін пара алған мектеп директоры сотталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Бірлік атындағы орта мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды.

«Осыған дейін аталған мектебінің директоры Б. Шырымбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. Ол азаматты техникалық персонал ретінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған»,- делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Мақтаарал ауданының №2 сотының үкімімен аталған шенеунік пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 4,5 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА