04.10.2024

Талғат Қалиев: Мұғалімдерге қазір оқушының назары үшін үлкен бәсекеге түсуге тура келеді

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев Ұстаздар күніне орай осындай пікір білдіріп, мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім алған, алайда білімді деп айтуға ауыз бармайтын адамдарды көріп жүрміз. Яғни, білім алу деген – оқумен шектелмей, этикалық және моральдық қасиеттерді сіңірумен есептелсе керек. Осының бәрі айналып келгенде мұғалімге байланысты. Тарихты парақтап отырсаңыз, кез келген ұлы адамның тұлға болып қалыптасуына мұғалімнің тікелей себеп болғанын көресіз. Болмаса бұған қарсы оқиғалар да бар: мәселен, кезінде Эдисонды (өнертапқыш) мұғалімдері байқамай қап, ақыры мектептен қуылған бала әлемдік тұлғаның біріне айналды. Ал қазір заман бөлек. Мұғалім қазір интернетпен бір, тығыз күн тәртібімен бір күресуі керек», – деді сарапшы Ұстаздар күніне арналған «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде .

Саясаттанушының айтуынша, қазір ақпараттық майдан кезеңінде адам білімді іздемейді, білімнің өзі адамды іздейтін уақыт келген.

«Сол үшін педагогтарға оқушының назары үшін үлкен бәсекеге түсуге тура келеді. Бұрын ұзақ уақыт игеретін білім қазір санаңызға сап етіп, бір күннің ішінде келеді. Сол үшін біз мұғалімге уақыт беруіміз керек. Себебі, ол – шығармашылық адамы. Бір уақытта әрбір балаға жеке білімді сіңіретіндей амал-әдіс табу үшін мұғалім барын салуы тиіс. Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын», – деді ол.

Еске сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілген болатын.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА