07.07.2024

Мемлекет басшысы оқулық сапасының төмендігін сынады

Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Тағы бір өзекті мәселе – бұл оқулық сапасының төмендігі. Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті. Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондықтан Тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе арттыруды тапсырғанын еске салды.

«Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», – деді Тоқаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА