04.07.2024

Оқушылар арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына 50 мың оқушы қатысады

Қазақстанда мектеп оқушылары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына 50 мың оқушыны қатыстыру көзделуде. Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында қонақ болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтып берді.

«Бұл ауқымды әрі ағартушы жоба. Ол жобаға біз еліміздің барлық өңірлерінен 50 мыңнан астам оқушыны тартуды жоспарлап отырмыз. Оның мағынасы – оқушылар қазақтың «Қобыланды батыр» эпосын жаттап қана қоймай, оны талқылап, қазақтың ертедегі сөздеріне түсінік бере алуы керек. Бұл байқауды Жастар жылына арнап отырмыз. Қоғамның кең назарына ие болар деген сеніміміз бар. Жобаның финалдық кезеңі – «Хабар» телеарнасында телекүнделік және гала-концерт форматында өтеді. Бұл ретте мен осы жобаны қолдауға дайын отырған облыс әкімдіктеріне, Алматы мен Астана, Шымкент қаласының әкімдігіне, Білім және ғылым министрлігіне ерекше алғысымды білдіргім келеді», – дейді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, әлемде мұндай оқулар көптеген елдерде өтіп жатады.

«Мәселен, ағылшын тілді елдерде «Шекспир» оқулары өтіп жатады. Ол аз десеңіз, Ресейде «Пушкин» оқулары өткізіледі. Барлық жерде мақсат біреу – өсіп келе жатқан жас буынға туған тіліміздің байлығы мен көркемдігін, біздің бабалардың поэтикалық мұрасының көркемдігін көрсету», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА