Home Жаңалық Астана мектептеріндегі видеокамералар «Сергекке» қосылады

Астана мектептеріндегі видеокамералар «Сергекке» қосылады

0

Астананың барлық мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Қазбілім Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап. ​

«Сергек» фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудың арқасында қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді. «Біз мектептерге бейнебақылау камераларын орнату және оны «Сергек» жобасымен біріктіру жұмыстарын бастадық», – деді ол сөз баяндамасында.

Оның айтуынша, Астананың жолдары –  еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың бірі. «Елордалық жүргізушілер тәртіпті бола түсті. Бұл, жол апаты көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Жобаның арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасындағы өлім екі есеге (60-тан 34-ке дейін) азайып, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 20% төмендеді», – деп қосты спикер.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/astana-mektepterindegi-videokameralar-sergekke-kosylady_a3492715

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version