Home Жаңалық Бүгін Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – мұғалімдер күні.

Бүгін Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – мұғалімдер күні.

0

Бүгін Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – мұғалімдер күні.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: “Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім”- депті.

“Ұстазсыз шәкірт тұл” деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Өмір көгіне қанат қағатын көгершіндердің қанатын қатайтатын да, оған дұрыс бағыт-бағдар беретін де ұстаз. Әлем елдерінде ұстаз мәртебесі ұлықталып, оны ең абыройлы мамандықтардың бірі есебінде насихаттайды.

 

Мұғалімдер күні – ең ерекше мерекелердің бірі. Осы орайда KAZBILIM сайтының ұжымы білім нәрімен сусындатып жатқан барша мұғалімдрді төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version