22.06.2024

Грант иегерлерінің толық тізімі-2016

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия  2-8 тамыз аралығында жұмыс істеді. Сол арқылы 2016 жылға арналған төмендегі білім грант иегерлерін анықтады деп хабарлайды kazbilim.kz порталының тілшісі.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары кiрiп отыр.

Айта кетейiк, биыл 31 702 грант бөлiнген. Оның iшiнде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмшелерiне, 28 752 грант күндiзгi бөлiмге қарастырылған. Конкурсқа 59 677 түлек қатысып жатыр.

12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды.

Биыл шетелдегi 1053 қазақ тарихи отанында бiлiм алуға ниет танытып,  бiлiм гранттарын бөлу конкурсына құжат тапсырған.

“Сондай-ақ, ауыл жастары үшiн квота тағайындалды. Квота ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға бөлiндi. Конкурсқа 26 050 адам қатысады. Бұдан бөлек, конкурсқа қатысушылардың қатарында I, II топтағы мүмкiндiгi шектеулi 363 адам, соғыс қатысушыларына теңестiрiлген 37 талапкер, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ 1053 адам және 492 жетiм бала бар”, – дедi бүгiн білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев.

Бұдан бөлек, “Мәңгiлiк ел жастары” жобасы аясында бөлiнген квота бойынша конкурста 9797 адам бағын сынайды.

 Айта кетерлік бір жайіт, Биылғы жылы бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына 59 677 түлек қатысып жатыр. Олардың iшiнде 47 342 адам, яғни 80 пайызға жуығы қазақ, ал 12 335 адам орыс тiлiнде оқыған. Қазақ және орыс тілі бөлімдеріне гранттың үлес бөлімі 75%/25% үлес салмағында бөлінеді.

  «Биыл мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына негiзделдi. 12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды. Былтыр олардың саны 64 болатын. Бұл оқу орындарының тiзiмi конкурстық негiзде анықталды», – деп хабарлады Е.Сағадиев.

Биыл елiмiзде ұлттық бiрыңғай тестiлеуге 84 041 оқушы қатысып, 69 789 адам сынақты сәттi тапсырған. Орташа балл – 81,2. Ал 74 881 адам кешендi тестiлеуден өтiп, олардың 27 743-i шектi бал жинады. Орташа балл – 39,9.

«Осылайша, ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен кешендi тестiлеу қорытындысы бойынша 97 532 адам жоғары оқу орындарына түсу құқығына ие болды. Бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына 59 677 адам қатысып жатыр. Оның iшiнде 47 342 адам (80 пайызға жуық) қазақ тiлiнде, 12 335 адам орыс тiлiнде оқуға ниет танытты», – деп атап өттi министр.

 Сонымен биылғы гарнат иегерлерінің тізімі: мұнда басыңыз  

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА