07.07.2024

“Менің білімге қосқан жаңалығым” атты конкурстің қортындысы

11 қаңтар – 20 наурыз аралығында «Толағай» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Менің білімге қосқан жаңалығым» атты Республикалық конкурс болып өтті. Сайысқа жалпы Республика бойынша, 35 материал келіп түсті. Материалдардың көбі – ашық сабақ немесе сабақ жоспарлары. Барлық қатысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз! Конкурстың нәтижесі бойынша, әділқазылар алқасы ақылдаса келе, төмендегі шешімді қабылдады:

Сайыстың 1 – орыны: «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» атты электрондық оқу – әдістемелік құралы  А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің математика және физика пән мұғалімі Масугутова Кульбаршын Магауовнаға берілді.

Сайыстың 2 – орыны: « Шебер » үйірмесінің 10-17 жас аралығындағы оқушыларының 1 оқу жылына арналған оқу бағдарламасы» Атырау облысы, Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының      I санатты қосымша білім беру педагогы Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлына берілді.

3 – орын Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Сарыоба №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Силам Досжанның “ЖАУЫРЫН” этнопедагогикалық ойынына берілді.

3 – орын №63 мектеп – гимназиясы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кұдабаев Нұрдаулет Алибекұлының «Астанам, асқарымдай көрінесің!» элективті курсына берілді.

3 – орын Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазретовка орта мектебінің 
информатика пәні мұғалімі Давлетова Айнур Адайкызына «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – келешек ұрпақтың кілті» курсына берілді.

Осы жүлде алған адамдар біздің жеке почтамызға  (tolagay.akzhar@mail.ru) 4 – 5 күн ішінде хабарласуларын сұраймыз. Жүлделі орындарға берілетін электронды оқулық жасайтын компьютерлік бағдарламасын сыйға тартамыз.

Қазақстан ұстаздары қауымдастығы, қазылар алқасы.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА