Home Жаңалық Биыл мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруға екінші мүмкіндік берілді.

Биыл мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруға екінші мүмкіндік берілді.

0

Осы жылы мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруға екінші мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі физбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Үкімет, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және қоғам қолдаған Сенат бастамасы бойынша осы жылы мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруға екінші мүмкіндік береді.

Біз түсінеміз, ҰБТ тапсыру кезінде түлектердің алдында тағдыр шешетін тапсырма тұрады: бұл тек қана диплом алу емес, сонымен қатар Жоғары оқу орнына түсу, Алтын Белгіні қорғау, грант алу. Әрине, біз тағы бір жағдайды ескеруіміз керек: ҰБТ тапсыру пункттері кейбір балалардың үйінің қасында, кейбіреу оған жету үшін 200 шақырымдай жер жүруге тиіс, біреуінің ұйқысы қанады, біреуінікі қанбайды. Жастарға әрқашан екінші мүмкіндік беру керек.

Мысал үшін, SAT – шетел жоғары оқу орындарына түсуге арналған халықаралық стандартты тестілеуді ай сайын тапсыра беруге болады. Бұл халықаралық тәжірибе әр түлекке жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда ҰБТ тапсырмайтын түлектер саны жыл сайын артып барады. Осы жылы олардың саны шамамен 46 мың адамды құрады. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Кеше ғана мектеп оқушылары болған 100 мыңнан астам бала жоғары оқудан тыс қалып қояды. Олардың ішінде 25 000 жоғары оқу орнына да, колледжге де түспейді. Бұл көрсеткіштің үрей туғызатыны сөзсіз.

Сонымен бірге, олардың көбісі ЖОО-ға түседі, бірақ бізге емес, Ресей мен Қытайға. Қазақстандық мектеп түлектерінің Ресей, Қытай және тағы басқа мемлекеттерге академиялық миграця көрсеткіші бізді алаңдатады. 2015 жылы Ресейде шамамен 39 мың қазақстандықтар оқыған. Мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда төменгі шекті деңгейден бір немесе бірнеше балл жинай алмағандықтан, олар ақылы түрде шетелдің жоғары оқу орындарына түседі, демек олар басқа елдердің жоғары біліміне қаржы салады. ҰБТ – бүгінгі күйінде бұл өзекті мәселенің бөлігі.

Бұл мәселе бойынша біздің алдымызда Президент қойған тікелей тапсырма тұр. Осы жылы біз жастардың көбіне біздің Жоғары оқу орындарын түсу мүмкіндігімн бергіміз келеді. Әсіресе колледж түлектеріне. Біз түсінеміз, мүмкін жоғару оқу орындарын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналаса алмайды. Алайда, тұтас алғанда, басқа елдер сияқты біз жоғар білімді қоғамға ұмтылуымыз қажет. Соңғы 40 жыл ішінде әлемдегі студенттер саны 6 есе көбейді. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарына 150 млн. адам түседі. Соңғы 10 жыл ішінде бұл көрсеткіш 50 пайызға өсті.

АҚШ-та Президент Обама ұсынысы бойынша 2020 жылға дейін жоғары білімді азамат санын 40 пайыздан 60 пайызға көбейтейін деп жатыр.

Қоғамда жоғары білімді жұмыс орындар санымен байланыстыру мемлекет тарапынан қаржыландыру көзқарасынан ғана әділетті. Жұмыссыздық көптеген факторлардың нәтижесінде орын алуы мүмкін, соның ішінде құрылымдық ауытқу, геосаяси және жаһандық экономикалық өзгерістер (мұнай бағасы және т.б.). Білім мәселелері міндетті түрде жұмысқа тұрумен тікелей байланысты болуы керек емес. Жаһандық экономикалық дағдарыс нәтижесінде пайда болған ауқымды жұмыссыздық еш елде қомақты жұмыссыздықты туғызуы керек емес. Қазақстанға кішігірім және орташа бизнес өсуін қамтамасыз ету керек. Бұл кезде 100 түлектің ішінде 4-5-еуі ғана жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетінін біз түсінеміз. Жоғары білімді қысқарту өз кезегінде жұмыс орындарының қысқартуына әкеліп соғады.

Бұл жылы ҰБТ тапсыру механизмінде ешқандай өзгерістер болмайды. Барлық сұрақтар мөрленді. Бірінші тестілеу нәтижесінде гранттар, Алтын Белгілер үлестірілетін болады. Бұл арада өзгерістер болмайды. Төменгі шекті деңгейде балл жинай алмағандар үшін ҰБТ-ны ақылы түрде қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі. Демек, оларға жоғары білімді ақылы түрде алу мүмкіндігі беріледі.

Біздің құрметті сенаторлардың бастамасы Президент тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.

Келесі сұрақ: Жоғары оқу орындарының өзіндік үлгідегі дипломды беруі. Бұл еліміздегі жоғары блімі сапасын өсіруде жүйелі шешім болады. Біз түсінеміз, жекелеген әлсіз ЖОО-лар мемлекет атын жамылып, диплом сатады. Мемелкет нұсқасындағы дипломдар саны еш жерде жоқ, тек бұрынғы кеңес мемлекеттері мен шығыс еуропа елдерінде ғана болмаса. Бұл дамыған елдердің тәжірибесі. Әр ЖОО өзінің дипломын береді. Егер дипломда мемлекеттік мөр болмаса, онда олар сол дипломды алу керек пе жоқ па, деп ойланып қалады. Олар ЖОО-ларды абырой, бедел-атағы бойынша таңдайтын болады. Бәсеке күрт өседі. Тек қана жоғары сапалы ұйымдар ғана қалады. Бұл мәселе мемлекеттік және жеке ЖОО басшыларымен бірнеше рет талқыланды. Бұл шешім позитивті, алайда оны бір мезетте енгізуге болмайды. Біз ЖОО-ларға жаңа жағдайларға бейімделуге уақыт береміз. Бұл норма 2021 жылдан бастап енгізіледі, демек жаңа нұсқадағы дипломдарды 2017 жылдың абитуриенттері алатын болады.

Басқа жақтан қарасақ, барлық жақсы ЖОО-лар академиялық еркіндікті сұрайды. Бұл жақсы, өйткені Назарбаев УНиверситет, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚМЭБИ, ХАТУ сияқты бетке ұстар ЖОО-лар академиялық еркіндікті нашар нәтижелерге әкеліп соқпайтынын дәлелдеді. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік нұсқадағы диплом берілетіндіктен, біз барлығын мұқият түрде реттеуге мүдделіміз. Академиялық бостандықты енгізу үшін нақты жауапкершілік қажет. Жеке нұсқадағы диплом мұндай жауапкершілікті жүктейді. Бұл сұрақ бойынша да Президенттің жеке тапсырмасы болды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version