12.07.2024

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

ҚР БҒМ бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №229

 2015 жылғы 23 сәуір, Астана қаласы

 

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:

  1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 7367 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында: 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдары береді. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша МК шешіміне сәйкес жылдық баға есептелген орташа арифметикалық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады».

 

  1.  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі    А.СӘРІНЖІПОВ.

 

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10815 болып енгізілді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА