24.07.2024

Тасболат Сағыныш. Жеңіске деген бір қадам

(әңгіме)

Қайрат жұмыстан келе жатыр. Қуанышы қойнына сыймайды. Өйткені, ол жақында әке атанбақшы. Үйге келді қуанышын ата – анасымен, жолдасымен бөлісті. Анасы мен жолдасы өз араларында қуанышты шағын мерекелік дастархан жасап, атап өтпекші болды. Барлығы тегіс кешкі асқа отырды. Бір кезде «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Неміс әскері бізге тұтқиылдан жабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды» -, деген радиодан суық хабар естілді. Қуаныштары су сепкендей басылды. Сәлден соң әскери комиссариаттан қоңырау шалынып, таңертең Қайраттың осында келуін тапсырды. Барлығының өңі сұп – суық. Бірақ, ешкім тіл қатыспады. Себебі, ер азамат үшін Отанын қорғау борыш болып саналатын. Сондықтан болар бір – бірін сөзсіз ұғынды.
Таң да атты. Қайрат таңғы асын ішіп әскери бөлімшеге кетті. Барып мән – жайды біліп, ертең жолға шығатын болып шешілді. Бұйрық шықты. Қайрат үйге келе жатыр. Ойы сан – сақта. Қолына ешқашан қару ұстап көрмеген мен қалайша соғыспақпын десе, енді бірде, мен Отаным үшін отқа да, суға да түсем деп бекінді. Үйге келді. Мән – жайды атты. Анасы қарсы болғанмен, амал не елін жаудан қорғауы керек. Барлығы іштерінен ешқашан таң атпаса екен деп тіледі. Енді ғана етек – жеңін жинап үй алып, үйленгені кеше еді. Бүгін әлі де жастық шақтың басылмаған қызығын, сұм соғысқа айырбастағаны, өкінішті. Ылғи өз шапағын жер дүниеге шашып, жылу беретін күнде бүгін қара бұлттардың ар жағында. Бейне бір жасырынып тұрғандай. Жолдасы тұрып әдеттегіше таңғы асын әзірледі. Барлығы бірге таңғы асты ішті. Анасы көрсеткен қамқорлықта тек бүгін ерекше сезілгендей болды. Таңғы ас ішілді. Тегістей сырты киімдерін киіп, вокзалға жол тартты. Қайрат дереу тіркеліп, енді пойыз күтіп отыр еді, бір кезде әкесі сөз бастады: – Ұлым, қайда барсаңда, қай жерде жүрсеңде, біз сені ұмытпаймыз. Бізге қарайлап уайымдама. Барлығына өзім ие болам. Сен тек жауыз фашисттің көзін құртуды ойла! Сен, қазақсың! Жеріңді, еліңді, Отаныңды қорғауға тиіссің, мейлі, тіпті, сен өлім аузында тұрсаңда. Біз сені жеңіспен бірге күтеміз ,- деді. Әке – анасы мен құшақтасып қоштасса, жолдасының маңдайынан сүйіп қоштасты. Пойызда келді. Барша жас жауынгерлер туыстарымен қоштасты. Барлығы қол бұлғасып қала берді. Пойыз көз ұшында кетіп бара жатты.
741Бүгін алғаш ұрысқа шыққан Қайрат майданның не екенін енді ғана түсінгендей. Қасындағылармен де тез тіл табысып кетті. Алғашқы сәлем хатта жазып жіберді. Өз хатында Қайрат әкесіне немересінің есімін Жеңіс деп қоюын сұрады. Қасындағы майдандастарымен бізге Қайрат жауға қарсы жоспарлар жасайтын. Өзі құрған жоспарын қасындағыларға және рота командиріне көрсетті. Жоспар жоғарыдағыларға да ұнады. Қайрат құрған жоспар бойынша барлығы іске кірісті. Жоспар жүзеге асып, жау техникасын ойсырата жеңіліске ұшыратты. Алайда осы ұрыста Қайраттың өзі жараланып қалды. Жедел госпитальға жеткізілді. Дәрігерлер жанын аман – есен алып қалды. Жарасы жазыла қоймаса да, Қайрат тез арада штабқа қайта оралды. Оған жаңа тыңшылық қызмет ұсынды. Ол қабыл алды. Бүгін түнде тыңшылыққа шықты. Тыңшылық сәтсіз аяқталды. Қайрат жау қолында қалды. Оны қараңғы қапас жерге апарып тастады. Ес – түссіз жатқан оған неміс офицері келді. Үстіне мұздай суық су шашып жіберді. Қайрат тез есін жинағандай болды. Офицер оған сұрақты қарша боратты. Қайрат сұрақтарға «жоқ, білмеймін» деген бірсарынды жауаптар қайтарды. Ақыры жай сөзге түсінбегесін оны қинауға көшті. Оның тырнақтарының астына ине тығып, тағыда бірнеше сұрақтар қойды. Оның есіне әкесінің соңғы сөзі түсті. Ол тағы да «білмеймін» деп жауап қайырды. Айтқанынан қайтпайтынын сезген неміс офицері оны өлтіруге бұйрық берді. Штабтан мылтық даусы естілді.
77441Айжанның (Қайраттың анасы) көңілі кешелі бері мазасыз. Бір сұмдықты сезгендей. Жалтақ – жалтақ есікке қарайды. Есіктің қоңырауы да шырылдады. Анасы есікті ашты. Хат тасушы. Қолында қаралы қағаз. Айжанның көз алды тұманданып кетті. Жалғыз ұлынан айрылғанына сенер, сенбесін білмей сілейіп тұрып қалды. Қаралы қағазды және ерлігі үшін берілген медальді кеудесіне қысты. Жылдар өтті. Жеңісте ер жетті. Мектеп қабырғасында 8 – сыныпта оқиды. Ол мектепке кіреберістегі «Ешкімде, ешнәрседе ұмтылмайды» тақтайшасынан әр өткен сайын өз әкесінің есімін оқиды және әрқашан оның кеудесін мақтаныш кернейді.

Тасболат Сағыныш Закарияұлы. БҚО, Тасқала ауданы, Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының 10 – сынып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

32 COMMENTS

  1. “Мән – жайды атты” сөйлеміндегі “атты” сөзін “айтты” сөзі деп оқуларыңызды сұраймын.

    • Айналайын, Тасболат! Прозаға бастаған қадамың жаман емес. жарайсың! тек ұстаздық 1 ескертуімді қабыл алғайсың.
      “Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды” дегендегі де шылау болғандықтан, бөлек жазылады емес пе?!

  2. керемет! өнерің өрге жүзсін! шабытыңа шабыт қосылсын!

  3. өте керемет! әңгімең сондай мағыналы жеңістің оңай келмегенін бірден ұқтырады. рахмет әңгімеңе

  4. Қаламың ұштала берсін! Әр кез биіктерден көріне бер!

  5. Қаламыңнан тың дүниелер туындай берсін!!!Алға!!!

  6. Әңгімең оқырмандарыңның жүрегіне жол тапсын! Сәттілік жаныңа әркез серік болсын!

  7. Бәрекелді Сағыныш!!! Әңгімең өте тартымды жазылған екен

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА