11.10.2024

Айтолқын Асхатқызы. Шындыққа айналған болжам

Халықта аңыз жетерлік тәлім берер,
Баяндайын бірін мен тәуір көрер…

«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» заманында білегінің күшімен көзге түскен батырлар қазақта жетерлік.Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек көзсіз ерлігімен,қайсар рухымен әйгілі.Хандардың сенімді серігіне айналған олардың есімі тарихта алтын әріптермен жазылып қалды десе де болады.Сол батырларымыз болмағанда бұл күнге жетер ме едік,кім білсін?! Әлде ойраттың табанының астына ұлымыз құл,қызымыз күң болып қалар ма еді?!…
Қазақты қырған жаугершілік заманда кезекті шайқастан жеңіспен оралған Райымбек,Өтеген,Наурызбай батырлар Жамбыл өңіріндегі бір ауылдың атақты биіне сәлем бере барған екен.Бидің үйі батырларға үлкен сый-құрмет көрсетіп,қой сойып,ауыл ішінде кішігірім той жасайды.Астан кейін қазақтың байырғы әдеті бойынша батырлар көрген-білгендерін айтысып отырады.Сөз арасында сол батырлардың үлкені Өтеген биге былай деп ұсыныс тастайды:
-Оу,биеке,сізді осы жұрт сәуегейлік қасиет қонған кісі дейді ғой,сол сәуегейлігіңізді бір көрсетіп мына біздің болашағымыз жайлы бірер ауыз айтып берсеңізші? Сонда би батырлардың көңілін қалдырмай,Өтегенге қарап:
-Айтсам айтайын.Сөзіме сенсең,сені ұрпағың бір емес,екі рет жерлейтін болады.Райымбектің моласы шуылдақ арасында қалады.Бәріңнен де Наурызбай мықты болса керек,оның ұрпағы ел басқаратын болады әлі-ақ,-деп болжам айтқан екен. Бидің сөзі бүгінде шындыққа айналғандай.Неге десеңіз,Өтеген батыр алғашында Қапшағайда жерленген.Кейіннен 1974 жылы Дінмұхаммед Қонаевтың рұқсатымен Қордайға жерленіпті.Өйткені,Өтегеннің ұрпақтары сол жерде тұрақтаған екен.Ал,Райымбек батыр өлерінде жұртына: «Мен өлсем жыламаңдар!Желмаямды еркіне жіберіңдер де,ол шөккен жерге мені жерлеңдер»-деп өсиет қалдырған екен.Сол өсиетін орындап халық оны бидің айтқан шуылдақ арасы-қазіргі Алматы қаласына жерлеген.Кеңес үкіметі тұсында Райымбектің моласының жанында сырахана салынса керек,батырдың киесі болар,әлгі сыраханасы бір емес,екі рет өртеніп кетіпті.Онымен қоса, сол маңды қазуға келген кісі табан астында есінен айрылып қалған.Осы оқиғалардан кейін батырдың моласына құран бағыштағаннан басқа іс бекершілік екенін түсініпті халық.Ал,Шапырашты Наурызбайдың ел басқарған ұрпағы өзіміздің Елбасымыз,алаштың айдарлы ұлы-Нұрсұлтан.
Бұл-шындыққа айналған болжам!Елім деп еңіреп өткен батырлардың аруағынан айналайын! Олардың жаны жәннәттан болғай деп дұға етейік.Бүгінгі еркіндігіміз, «Қазақ хандығына 550 жыл толуы» батырларымыздың ерен еңбегінің арқасы!

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА