04.07.2024

Математика-жаратылыстану бағытындағы Республикалық пән олимпиадасы басталды.

Бүгін Орал қаласында математика-жаратылыстану бағытындағы пән олимпиадасы басталды, бес күнге созылатын бұл шара рсепубликамыздағы дарынды балаларды саралайтын, оқушыларды болашақ ғылымға жетелейтін маңызды іс шара болып табылады.

Пән олимпиадалары елімізде әр жылда әр обылыстың орталығында өткізіледі, өткен жылы бұл бағыттағы олимпиада Өскемен қаласында өткен еді.
Математика жаратылыстану бағытында 13-19 қараша аралығында өтетін Республикалық пән олимпиадасында математика, физика, химия, биология, информатика, география қатарлы пәндерден 9-11 сынып аралығындағы оқушылар арасында қатысады. Бүгін Орал қаласына 14 облыстан және Астана, Алматы қалаларының командалары келіп орналасты. Бұл олимпиадаға бұдан бұрынғы аудандық, обылыстық олимпиадаларда оза шапқан жалпы 700 ден астам Республикамыздағы ең дарынды деген оқушылары қатысады.
Олимпиада қортындысы 19 наурыз күні шығады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, бұл олимпиадада соңғы алты жылда Астана құрама командасы ең алдыңғы орында келеді.
Ал, қоғамдық гуманитарлық бағыттағы Республикалық пән олимпиадасы 24-29 наурыз аралығында Атырау қаласында өтеді. Пән олимпиадаларын ұйымдастыру жергілікті білім басқармасы мен Республикалық «Дарын» ғылыми практикалық орталығына жүктелеген, жүлдегерлерді марапаттауға білім және ғылым министірінің орынбасары қатысады деп күтілуде.
Барша қатсушыларға сәттілік тілейміз! Сонымен бірге, еліміздің болашақ ғалымдарына бағыт беретін бұл іс шараның спорттық немесе басқада республикалық бәсекелерден маңызы бір кем емес екенін еске саламыз!

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Ал сәттілік Аятжан,бәйгеден балаларын оза шапсын!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА