07.07.2024

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі.

Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұның алдында хабарланғанындай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықаралық тәжірибені зерделеп, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін әзірлеген болатын. Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруді үш кезеңде жүргізiлмек. Бірінші кезеңде жүйенің негізгі компоненттері жетілдіріледі. Екінші кезеңде еңбекақы төлеу тетігін соңғы нәтижелер бойынша енгізу көзделуде. Ал үшінші кезеңде сараланған үстемақы енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердің 4 қызметтік блогын бөлу қарастырылған, олар кәсібилік және жауапкершілік деңгейінің өсуіне сай қарастыратын болады.

Аталған жүйе бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ұстаздардың жалақысы 91 494 теңгені құрайтын болады. Жалақы өсу пайызы 33-ке тең.

Жаңа жүйе мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі арасындағы алшақтықты қысқартады. Ұстаздар, дәрігерлер еңбегінің мәртебесін көтереді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА