08.09.2024

Ахмет Байтұрсынұлы. Екі шыбын

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, – дейді, – сен қай жақтан?»

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»

* * *
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін,
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көке,
Өз әлдін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА