12.10.2024

“Нұрлы жол” аясында 10 ЖОО іріктелуде

Елбасының соңғы Жолдауы аясында елімізде ең үздік деген 10 ЖОО іріктеліп алынатын болады. Бұл жайында бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды baq.kz.

Тахир Балықбаев өз сөзінде Елбасымыздың елімізді индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде 10 ЖОО базасында мамандар дайындаудың ғылым жəне экономика салаларымен байланысын қамтамамыз етуді, сонымен қатар, 2017 жылға дейін аталған оқу орындарының материалдық-техникалық базасын құруға 10 млрд теңгені бөлуді тапсырғандығын атап өтті.
– Біз аталған бастамының жоғарғы білікті техникалық мамандарды дайындауда жаңа мүмкіндіктердің жолын ашатынына толық сенімдіміз. Сол себепті бүгінгі таңда университеттеріміздің ұстаздары да студенттері де оны өте ерекше ықыласпен қолдап отыр. Бүгінгі күні еліміздің аймақтықтарында 11 ЖОО-нын анықтадық. Олар қазір арнайы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соныңда солардың ішінен 10 ЖОО іріктелініп алынып, олар жаңа технологиялық үрдістерді есепке ала отырып, шетелдік əріптестерімізбен бірлесіп əзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын болады, – деді вице-министр.
Бүгінгі күні таңдалып алынған 11 ЖОО: Астана қаласында құрылыс материалдарын өндіру, ақпараттық технологиялар, агро өнеркəсіп кешендері бойынша мамандарды дайындауға Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университеттері, еліміздің орталық аймақтарында салалық мамандандыру үрдістерін ескере отырып Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті осы тізімге еңгізіліп отыр. Шығыста машина құрылысы, металлургия, энергетика жəне мұнай-химия салалары бойынша мамандарды дайындау үшін Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Алматы қаласынан əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Қазақ Ұлттық агро университттері базалық оқу орындары болады. Оңтүстік жəне солтүстік өңірлерден М.Əуезов атындағы ОМУ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстанда Атырау мұнай жəне газ институты.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА