24.07.2024

Қырымбек Көшербаев. Облыстың оқу сапасы басты назарда

Келесі оқу жылынан бастап Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім стандарттары бойынша оқитын болады. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазбілім сайытың тілшісі.

“Ия, Байқоңырда Қазақстан балалары оқитын алты мектеп бар. Олар Қазақстанның білім стандарты емес, Ресейдің білім стандарты бойынша білім алды. Қазақтың балалары қазақ мектебінде кітап бетін ашады да, “Президентім Путин” дейді. Ертең олар қандай азамат, қандай патриот болады деп айта аламыз?”, – деді Қырымбек Көшербаев.

Әкім осы мектептерді бітірген қазақ оқушылары біздің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайтынын, сондықтан, біздің Қазақстандық жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қиналып жүргенін айтты.
Яғни, олардың Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі заңды құқықтарына шектеу қойылған.

“Сондықтан, екі елдің Білім министрліктері Үкіметаралық келісім жүргізді. Бұған дейін айтқанымдай, осы айда Байқоңырда Үкіметаралық отырыс өтеді, сол отырыс барысында бұл мәселе де өз шешімін табады. Аманшылық болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім беру стандартына көшеді”,-деп толықтырды әкім.

Сонымен бірге, брифиниг барынсында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2016 жылдың бірінші жартысына дейін шешіледі, – деді.

«Былтыр біз облыс мектептеріндегі үш мерзімдік оқу мәселесін шештік. Биыл апатты жағдайдағы мектептерді алмастыратын 12 мектеп салдық. Бұл мәселені егер бюджет қаражаты жетіп жатса, келесі жылы толық шешеміз немесе 2016 жылдың бірінші жартысында орындаймыз деп жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ол.

Оқушылардың алаңсыз білім алуына толық шарт-жағыдай жасалатын болады, – дедген обылыс әкімі Қырымбек Көшербаев алдағы жылдары облыстың білім сапасы артады, – деп мәлімдеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА