04.07.2024

Астанада екі жаңа мектеп ашылады

Астанада қыркүйек айында ашылған бес мектептен басқа, тағы да жаңа екі мектептің құрылысы аяқталды. Құрылыс басқармасының хабарлауынша, осы айда нысандарды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі кезде ішкі әрлеу және абаттандыру, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайыты.

Жалпы білім беру мектептері Комсомольский тұрғын алабында және Есілдің сол жағалауында, №19 көшенің оңтүстігінде және жаңа № 4 шағын ауданда тұратын 2 400 балаға арналған.

Жаңа мектептердің ашылуы сыныптардағы жүктемені азайтып, оқушыларды мектептердің арасында біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, бұл балалар үшін де қолайлы болмақ, енді олардың мектепке барып-келуіне аз уақыт кетеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА