02.07.2024

QYZPU-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту» Халықаралық шығармашылық симпозиумы өтті. Симпозиумға Корея, Словакия, Қытай, Тайланд, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен 25 танымал кескіндеме шеберлері және жоғары оқу орындарынан 30 білім алушы қатысты.
Шараның ашылу салтанатында Басқарма төрағасы-ректор Гүлмира Қанай қатысушыларды арнайы құттықтап, симпозиум тұрақты даму мақсаттарымен халықаралық ынтымақтастықта кәсіби өнер аймағын құру және нығайту, дарынды білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.
Симпозиум барысында университеттің 80 жылдығына орай «Тұрақты даму» орталығы ресми түрде ашылды. Жаңа орталықта Латвиядан келген профессор, Суретшілер одағының мүшесі Karine Paranyanc семинарлық тренинг өткізді. Тракья университетінің (Түркия) профессоры Melihat Tuzun шеберлік сабақтарын жүргізіп, білім алудың заманауи техникаларымен бөлісті.
Үш күн бойы симпозиумда шетелдік қылқалам шеберлері және білім алушылар оқу шеберханасында «Әлем құпияларының шынайлығы», «Өнер әлемді құтқарады», «Өнер арқылы қоршаған ортаны сақтау», «Гендерлік теңдік», «Отбасылық құндылық» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар жазып, Алатау тау бөктерінің табиғатына пленэрлік этюд орындады.
Симпозиум соңында кескіндеме шеберлерінің қорытынды көрмесі және қатысушы білім алушылардың шығармашылық жұмыстарына байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Өзге қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Халықаралық шығармашылық симпозиум қорытындысы нәтижесі қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының каталогында жарық көреді. Екі елдің суретшілері мен студенттерінің арасында шығармашылық серіктестік орнату мақсатында Түркияның Тракья университеті Өнер факультетімен келісімшарт жасау жоспарланды.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА