02.07.2024

Семейлік оқушылар Құнанбай ауылының виртуалды әлемін жасап шығарды

Абай облысында мектептің 9-сынып түлектері 3D көзілдірік арқылы Құнанбай ауылына саяхат жасауға мүмкіндік беретін жоба жасады.

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып түлектері Арсен Қабдешев пен Айлат Дулатұлы заман талабына сай етіп «Құнанбай ауылы» виртуалды жобасын жасап шығарды.

Тарих пен ауыл мәдениетін бүгінгі өскелең ұрпаққа және өзге ұлт өкілдеріне дәріптеу мақсатында жасалған виртуалды ауылға ену үшін көзілдірікті тағу керек.

Виртуалды ауылда Қарауыл төбе бейнеленген. 19 киіз үй тігілген. Киіз үй сыртында алтыбақан орнатылған.

жоба
Фото: Абай облысы білім басқармасы

«Көзілдірік арқылы киіз үй ішінен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін заттарды көруге болады. Төрге ілінген қара домбыра, қыздың жиған жүгіндей болған құрақ көрпелер, ұлттық оюмен өрнектелген сандықтарды көзілдірік арқылы жақыннан көріп, көзайым бола алады. Домбыра, қылыш, ыдыстарды қолмен ұстап көру мүмкіндігі бар. Жоба арқылы оқушылар визуалды әлемдегі обьектілерді қолмен ұстап, орнынан қозғай алады», — дейді оқушылардың жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Бекзат Арашев.

Бұл виртуалды ауылды Арсен Қабдешев пен Айлат Дулатұлы өздерінен кейінгі оқушыларға сабақтарда пайдалануға қалдырмақ.

3D модельдеу, тарих, әдебиет сабақтарында мұғалімдер мен оқушылар қолданады.

оқушылар
Фото: Абай облысы білім басқармасы

Сондай-ақ бұл жоба маусым айында Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай өтетін іс-шараға арналып жасалған.

Абай облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның 3D макеттері Blender программасында жасалып, Unity программасы арқылы ауыл ішінде және қазақ үйдің ішінде қозғалып жүру үшін телепорт қосылды.

Үй ішіндегі заттарды қолмен ұстап көру үшін физика кіріктірілді.

жоба
Фото: Абай облысы білім басқармасы

Бұған дейін авторлар Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған қару-жарақ пен әскери техника макеттері орналасқан виртуалды мұражай жасаған.

Сондай-ақ «Жидебайға виртуалды саяхат», «Виртуалды қазақ үй» жобаларын да іске асырды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА