02.07.2024

Ақорда Халықаралық балаларды қорғау күнінде оқушыларға есігін ашты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.

Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды. Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.

Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда

.

Ақорда
Фото: Ақорда. 
Ақорда
Фото: Ақорда

Ақорда

Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА