04.10.2024

Қазақстандық мұғалімдер әлемде үздік атана ала ма

Оқу жылы аяқталып, білім саласының қорытындысы шығарылып жатқаны белгілі. Бұл ретте, Оқу-ағарту министрлігі төрт тоқсан бойы оқушылардың білімін арттыруға өлшеусіз үлес қосқан мұғалімдерді ынталандыруға ниетті. Атап айтсақ, биыл «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қоры 20 миллион теңгеге дейін артып отыр.

Бұл бірегей іс-шара мұғалімдердің көрнекті жетістіктерін атап өтуге, шығармашылық әлеуетін ынталандыруға және бүкіл Қазақстан бойынша оқытудағы жаңа құзыреттер мен мүмкіндіктер қалыптастыруға арналған.

Белгілі болғандай, жеңімпазға 10 миллион теңге бұйырмақ. Финалға өткен қатысушылар да олжасыз қалмайды. Олардың әрқайсысына 1 млн теңге табысталады. Бұдан бөлек финалистер жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын «Әлем Мұғалімі» жаһандық сыйлығына үміткер бола алады. Сонымен қатар, әлемдік білім беру қауымдастығымен өз әдістері мен инновацияларын бөлісуге мүмкіндік беретін медиа тарапынан кең қолдауға ие болады.

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына бастауыш және орта мектептің мұғалімдері қатыса алады. Өтініш беру 2024 жылдың 22 сәуірінен 22 маусымына дейін жалғасатынын еске салған жөн. Үміткерлер барлық шарттармен https://www.teachers-summit.org сайтынан таныса алады.

Биыл «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының басты ұйымдастырушысы Inclusive Development Foundation корпоративтік қоры болып табылады. Оқу-ағарту министрлігі мен Global Teacher Prize ұлттық сыйлықты ресми түрде қолдап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұғалімдері әлемнің ТОП-50 мұғалімінің қатарына екі мәрте енген.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА