24.07.2024

ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде «Астана – арман қала» атты балалар мерекесі өтеді

2 шілде күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қаланың ең кішкентай азаматтары үшін «Астана – арман қала» музейлік балалар мерекесі өткізіледі. Бұл туралы аталмыш музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ашылған күннен бастап елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен жемісті түрде әріптестік негізде жұмыс жасап келеді. Музейдің білім беру бағдарламасының осы санаттағы қатысушылары үшін балаларды мәдениетке қатыстыруға, өз халқының рухани құндылықтарымен таныстыруға, мәдени салт-дәстүрдің жандануына негізделген «Бала және мәдениет» жобасы жұмыс істейді. Бұл халық шығармашылығы, ертегілер, фольклордан туындайды. Балалардың өздерін шығармашылық жағынан көрсету түрінің бірі – балалар мерекесі. Бұл бүлдіршіндердің бойында әзілді, ақыл оралымдылығын, тапқырлығын дамытады. Балалар мерекеге зор жауапкершілікпен дайындалуда. Бірде бір мереке театрландырылған қойылымсыз, өлеңсіз, бисіз өткізілмейді. Балаларды әртістік қырлары жағынан да көруге болады. Осының нәтижесінде балада сөздік қор қалыптасады, сөйлеу мәдениеті дамиды, балалар арасында шығармашыл ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Ағымдағы жылы елорданы туған күнімен № 4 «Аружан» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері құттықтайды. «Астана – арман қала» балалар мерекесі: қазақ халқының ертегілері мен аңыздары, Қазақстанның елордасы – Астана туралы, достық пен бақытты балалық шақ туралы өлеңдер мен тақпақтардың негізінде құрылған. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен кәдесыйлар дайындалды.

http://baq.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА