16.07.2024

Астанада қала күніне орай 2 мектеп және 2 балабақша ашылады

Астанада қала күніне орай 2 жалпы білім беру мектебі мен 2 балабақша ашылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Түркістан, Керей, Жәнібек хандар к-сі мен Орынбор к-сі аумағында орналасқан мектеп 1 200 балаға арналған. Ал екінші мектеп Ш.Қалдаяков көшесінде ашылады.

Астана халқының саны жыл сайын артып келеді. Кезекте көп тұрғызбай әрбір кішкентай астаналықты мектепке дейінгі біліммен қамту үшін жыл сайын жаңа балабақшалар іске қосылады.

Сонымен қатар, Елорда күніне орай Г.Панфилов пен С.Торайғыров көшелерінің қиылысында 140 орындық балабақша, ал Е 233, Е 234, Е 237 көшелерінің қиылысында 190 орындық «BI – Village Comfort» жаңа балабақшасы ашылады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада жалпы білім беру мекемелерінің жүйесінде 83 мектеп (соның ішінде 71 мемлекеттік, 12 жеке меншікті мектеп) жұмыс істейді, онда 94 712 бала оқиды және 6 038 мұғалім білім береді.

Сондай-ақ, 148 балабақша мен 25 шағын орталық бар, онда 33 164 бала тәрбиеленеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА