04.07.2024

Білім гранттары: Елімізде квотаның жаңа екі түрі енгізіледі

Елімізде биылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған квота түрінің саны артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынған құжат жобасынан белгілі болды.

Жаңадан енгізілетін квоталар:

әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан азаматтары үшін – 1 пайыз;

жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жерде зардап шеккен азаматтар үшін – 20 пайыз.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл квота түрлері Үкімет басшысының өкіміне сәйкес қолданысқа енгізіледі.

Су басқан өңір түлектеріне арналған квота туралы бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлаған болатын. Бұл квота бойынша биыл 12 528 грант беріледі. Бұл биылғы мемлекеттік білім гранттарының бестен біріне тең.

Еске салайық, Қазақстанда бұған дейін квотаның 9 түрі бар болатын. Енді оның саны 11-ге жетеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА