Home Жаңалық ҰБТ. Су тасқыны болған өңірлерге қосымша грант бөлінеді – министр

ҰБТ. Су тасқыны болған өңірлерге қосымша грант бөлінеді – министр

0

Су шайған өңірлерде түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады? Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түсіндірді.

Министрдің сөзінше, биыл талапкерлерге ҰБТ-ны 5 рет тапсыруға мүмкіндік беріледі. Түлектер қаңтар мен наурызда ақылы түрде білімін тексере алады.
2 негізгі ҰБТ – мамыр, маусым, шілде айларында өтеді. Ал соңғы (5) мүмкіндік тамызда болады. Ол ақылы түрде жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, елімізде ҰБТ биыл 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Тестіні тапсыруға 2 мүмкіндік берілді. Тасқыннан зардап шеккен 6 өңірде (ҰБТ-ны) 25 мамырдан 12 шілдеге дейін созылған. 5 күнде 12 мыңнан аса талапкер тестілеуден өткен.

Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, тасқыннан зардап шеккен 6 өңірдің талапкеріне 3 негізгі шара қолданылған.

Біріншіден, сол өңірдегі балаларға көп уақыт беру үшін олардың тестілеу мерзімі шегерілді: 1 маусымнан 12 шілдеге дейін. Балаларға 47 күн беріп отырмыз. Екіншіден, биыл мемлекеттік тапсырыстың 20 пайызы, яғни 12 мың грантты бөлек сол зардап шеккен өңірлерге бөліп отырмыз. Үшіншіден, биыл негізгі ҰБТ-ны 6 өңірде тапсырған балалар төмен балл алып қалса, қаңтар және наурызда алған ҰБТ балдарын қолдануға мүмкіндік береміз. Ерекше жағдайды ескеріп, тек биыл осындай шешім қабылдап отырмыз. Яғни (тасқыннан) зардап шеккен өңірлердегі балаларға министрлік тарапынан толық қолдау бар, – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл алғашқы рет оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейі бағалатынын айтты.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов талапкерлердің неше пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыратынын айтып берді.

Сондай-ақ шара барысында су тасқыны болған өңірлерде балаларға қандай жеңілдік болатыны айтылды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version