Home Жаңалық Еліміз бойынша “Алтын белгіге” үміткерлер саны қанша?

Еліміз бойынша “Алтын белгіге” үміткерлер саны қанша?

0

Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ғани Бейсембаев айтты.

Министрдің дерегінше, биыл бастауыш сыныпты – 374 мың, негізгі мектепті – 341 мың бала. Ал 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады. “Алтын белгіге” үміткерлердің саны –7 704.

Оқу жылын “Білімім – Отаныма” атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мектеп түлектеріне арналған “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты іс-шарасы 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығына белгіленді, – деді Оқу-ағарту министрі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version