04.07.2024

Абай облысындағы мектептерге 7 мыңнан астам камера орнатылды

Абай облысындағы мектептерге 7 мыңнан астам камера орнатылды.

Абай облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша мектептерге 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылды.

«Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 1 259 камера бар. Бірақ олардың ішіндегі 813 данасы (76%) ауыстыруды талап етеді, – дейді басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Сондай-ақ 24 қосымша білім беру мекемесінде 223 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Осы мекемелердің барлығында дабыл жүйесі орнатылған.

«БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында және облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс. Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 93,4% құрайды», – дейді Нұржан Ахметқалиев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА