Home Жаңалық Биыл еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін қанша шетелдікке грант берілген?

Биыл еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін қанша шетелдікке грант берілген?

0

Биыл еліміздің жоғары білім беру орындарында оқу үшін 490 шетел азаматына грант берілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті.

Брифнг барысында 2026 жылға дейінгі жоғары білім берудің басымдықтары туралы айтқан вице-министр жыл сайын бөлінетін грант саны өсіп келе жатқанын атап өтті.

«2022-2023 оқу жылына 88 214 грант бөлінген. Оның ішінде, бакалавриатқа – 73 061, магистратураға – 13 263, докторантураға – 1 890 орын. Бұлардың 60 пайызы немесе 42 303 грант техникалық мамандарға берілген. 10 мың грант Атырау және Маңғыстау облыстарының жастары мен халық тығыз қоныстанған аймақтарға берілген. «Серпін» бағдарламасына 3 653 грант бөлінген.

Одан бөлек, шетел азаматтарына 490 грант бөлінген. Соның ішінде, 150 грант – Орта Азия мемлекеттерінің азаматтарына, 100 орын – Ислам ыңтымақтастық ұйымына кіретін елдердің азаматтарына берілді», – деп мәлім етті вице-министр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version