12.10.2024

НЗМ мектебінің бюджеті белгілі болды

21 Назарбаев зияткерлік мектебі мен Қазақстан бойынша 7550 мектептің қаржыландырылуы туралы ақпарат жарияланды.

Елімізде 7550 қалалық және аймақтық мектеп бар. Оларға орташа есеппен бюджеттен 159 миллион теңге бөлінеді (1 мектепке).

Сондай-ақ 21 арнайы зияткерлік мектепке мемлекеттік бюджеттен 592,1 млн теңге беріледі. Қаржылық жағынан айырмашылық 3,7 есені құрап отыр.

«Халықаралық зерттеулер, соның ішінде PISA, оқушылардың үлгерімі мен мектеп құралдары арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл тұста ауыл мектептері мемлекет тарапынан ерекше назарға алынуы керек. Бүгінде Қазақстанда ауыл мен қала мектептерінің арасында материалдық-техникалық базасы жағынан үлкен алшақтық бар», дейді материалды ұсынған сарапшылар.

ъ

2022 жылы жарияланған «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» ұлттық жинағының деректеріне сәйкес, мектептердің жағдайы:

  • 25,4% мектепте спорт зал мүлдем жоқ, ал 10,2%-да спорт кешені бейімделген ғимараттарда орналасқан
  • 13,6% мектепте кітапхана жоқ болса, 15% мектепте асхана жоқ.

Сондай-ақ ауыл мектептеріндегі педагогикалық ұжымның салыстырмалы түрде біліктіліктері төмен екені анықталған. Мәселен, ауылдық жерде жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 18,5%-ды құраса, бұл көрсеткіш қалада 31,2%-ды құраған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА