12.10.2024

Маңғыстаулық ата-ана 11-сынып оқушыларын ҰБТ-дан басқа сынақтардан босатуды ұсынды

Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram каналында 11-сынып оқушыларының тест тапсыру мәселесі талқыланды.

Өңір тұрғыны 11-сыныптағы оқушылардың бөлімді жиынтық бағалау және тоқсанды жиынтық бағалау тестінің қиын болатынын айтып шағымданған.

Өйткені бұл қосымша тесттерді тапсыру ұлттық біріңғай тестке дайындалып жүрген оқушылардың зейінін бөледі.

Себебі бұл бақылау жұмыстарын, оқушылар барлық мектеп пәні бойынша тапсырады.

Ал бұл өз кезегінде ҰБТ-дағы таңдау пәндеріне дайындалатын уақытты алады екен.

Оның шағымына облыстық білім басқармасының өкілі жауап берді.

– Бөлімді жиынтық бағалау және тоқсанды жиынтық бағалау жүрмесе, оқушыға тоқсандық баға шықпайды. Тоқсандық баға шықпайтын болса, 11-сынып оқушысы аттестат алмайды. Аттестат алмаған бала ҰБТ-ға да бара алмайды. Сондықтан, ҰБТ-ға дайындықты сабақтан тыс уақытта және сенбі, жексенбі күндері 1-2 сағат уақыт бөлуді ұсынамыз, – деді білім басқармасының өкілі Клара Құлатаева.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, қазіргі таңда облыс әкімдігінің Telegram каналына 12 082 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін қолданушылардан 13 860 сұрақ келіп түссе, оның 13 834-і шешімін тапты.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА