04.07.2024

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты.

Zakon.kz-тің жазуынша, Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептерінде жұмысқа орналасу үшін бір жыл бұрын енгізілген талаптар бар.

«Тек қана диплом жеткіліксіз. Еліміздің кез келген азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның мектепке жұмысқа орналасуы үшін ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болуы тиіс. Біздің әдістеме, бағдарламамызды білуі және өз пәнін жақсы білуі қажет. Диплом жеткіліксіз, сертификат керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА