09.10.2024

Болашақ студенттің оқу ақысын алдын ала жинақтау жүйесі құрылады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ақысын алдын ала жинайтын «эскроу-шот» құралын енгізбекші.

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осындай жоспары бар екенін айтты.

«Білім алуға қаражат жинақтау құралы ретінде оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, балалар мен студенттердің жасына қарай білім беруге қаржы жинақтаудың мемлекеттік жүйесін пайдалану мәселелерін пысықтап жатырмыз. Бұл шаруаны жинақтаушы 18 жасқа, яғни мектеп бітіргенге дейін Оқу-ағарту министрлігі, мектеп бітіргеннен кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі реттейді», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Аталған эскроу-шот арқылы ваучерлік жүйеге көшу көзделіп отыр.

«Сараланған гранттар, яғни оқу ақысының 30%-ынан 100%-ына дейін беру ұсынылады. Сараланған грантты енгізу тәсілдері пысықталуда. Алдағы уақытта тәртібін таныстырамыз», – деді министр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА