07.07.2024

Оқушыларға патриотизм туралы жаңа пән оқытылады

қыркүйектен бастап мектептерде «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты пән енгізіледі. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлім етті.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», деп түсіндірді Мәдина Тыныбаева Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.

Жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізіледі.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық салаларын қамтиды.

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ берген қаншама ұстаздарымыз бар.Қаншама жылдар еңбектеніп өзін-өзі танудан пәнінен түрлі байқауларға қатыстық,оқушыларымызды олимпиадаларға апардық,санатымыз бар,соның барлығы еңбек.Сол мұғалімдерге осы пәннің сағатын берулеріңізді өтінемін.Өзім көп балалы анамын.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА