07.07.2024

Қазақ мектебінің мұғалімі нашар ма?

Нұр-Сұлтан қаласы, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы ата-аналарға балаларын орыс сыныптарына бермеуге кеңес береді. Бұл туралы ол үнемі мақалалар жазып, өзінің ұстанымын анық білдіріп келеді. Бүгін де ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ мектептері мұғалімдерінің биылғы көрсеткіштері туралы жазды.
“Орыс мектептері мықты, қазақ мектептері әлсіз деген түсінік бар ғой біздің қоғамда кеңестік заманнан мұраға қалған…
Соны 2017 жыл бір зерттеп, “Баласын орыс сыныбына бергендерге жаным ашиды” – деген мақаламда қазір мүлде басқа екенін нақты дәлелдеп ем…
Биыл соны кеңірек таратқым кеп жеке-жеке талдайын…
Орыс мектептерінің мұғалімдері үздік, қазақ мектебі нашар дейтіндер үшін, төмендегі ақпарат сіз үшін!
Қателеспеңіз!
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
Соңғы 10 жылда «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсынан 36 педагог жеңімпаз болған екен.
Олардың ішінде қазақ тілінде білім беретін 25 педагог, бұл жалпы санының 70% – ын құрайды.
Орыс тілінде білім беретін – 7 (20%).
Қазақ және орыс тілінде білім беретін 4 педагог бұл (10%)”.
 
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА