09.10.2024

Балалар жылы: Алматы оқушылары құтқарушылардан бағалы сыйлықтар алды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні мен Қазақстандағы Балалар жылын мерекелеуге арналған байқау қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік мектеп» байқауын ұйымдастырды. Азаматтық қорғау саласында балаларды, жасөспірімдер мен жастарды оқытуға, төтенше жағдай кезінде іс-қимыл дағдыларын, өзін-өзі құтқару және өзара көмек көрсету мен тәсілдерін білуге ерекше назар аударылды.

Байқауға мегаполистің 224 мектебі қатысты. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынды №61 жалпы білім беретін мектеп (Түрксіб ауданы), екінші орынды №41 жалпы білім беретін мектеп (Алатау ауданы) және үшінші орынды №157 жалпы білім беретін мектеп (Наурызбай ауданы) иеленді.

Сонымен қатар, департамент жеке компаниямен бірлесіп «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік пікір» конкурсын ұйымдастырды, онда 1, 2 және 3-орын үшін жеңімпаздарға Smart-сағат пен арнайы дипломдар берілді. Оған қаланың 84 оқушысы қатысты.

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асаинов құттықтады.

15 ақпан мен 25 наурыз аралығында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған, азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттауға, сондай-ақ халықты төтенше жағдай кезінде іс-қимыл жасауға үйретуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

«249 мыңнан астам оқушы мен студент қатысты. 3420 сурет байқауы, балалардың қатысуымен 1544 спектакль, тәрбиешілердің 799 қуыршақ спектаклі, қауіпсіздік әліппесі бойынша 5360 әңгіме, өрт қауіпсіздігі бойынша 2347 дидактикалық ойын, азаматтық қорғаныс және ТЖ тақырыбы бойынша 976 өлең және 4281 бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды»,- деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА