07.07.2024

Елордада мектеп оқушыларының демалысы кезінде балаларға арналған театр апталығы өтеді

Балалар жылында «Астана Опера» музыкатанушыларының шығармашылық тобы жаңа қызықты жоба – «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» фестивалін қолға алды.

5-15 жастағы балаларға лайықталған бұл жоба мектеп оқушыларының демалысы күндері өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бағдарлама 23-28 наурыз аралығында өтеді, онда әр жас театрсүйер оқушы өзіне лайықты концерт немесе музыкалық ертегі таба алады. Сонымен, 23 наурызда «Музыка әлемі» концерті өтсе, келесі күні балалардың назарына Сергей Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі ұсынылады.

25 наурызда оркестр әртістері Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» зоологиялық фантазиясын орындайды. Одан әрі екі күн сайын 27 және 28 наурызда балаларға Тілеуғазы Бейсембектің «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісі ұсынылады. – «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» фестивалінің салтанатты ашылуы 23 наурызда өтеді, онда жүргізушілердің рөлінде балалардың өздері болып, олар тәжірибелі әртістер – «Астана Опера» театрының жұлдыздарымен бір сахнада алғашқы кәсіби қадамдарын жасамақ.

Фестиваль бағдарламасына енген концерттер мен спектакльдер қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Біздің «балалар апталығымызға» келгісі келетіндер өте көп. Театрға балаларын алып келетін ата-аналарға музыкаға деген махаббатты балалық шақтан бастап сіңіру керектігін түсінгендері үшін ризамыз. Фестиваль бағдарламасына балалар театры жұмысын бастаған сәттен-ақ қатты ұнатқан керемет концерттер мен спектакльдер енді. Біздің фестиваль танымал композитор Т.Бейсембектің «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісінің көрсетілімімен жабылады.

Бұл көктем, Наурыз, жақсылық пен күн, бақыт пен бала күлкісі жайлы хикая. «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» фестивалі жыл сайын өткізіледі деген үміттеміз әрі оның бағдарламасын жаңа концерттермен байытуға дайынбыз, – деді театрдың Әдеби-музыкалық жұмыс департаментінің директоры, музыкатанушы, Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА