12.07.2024

Алматылық оқушылар «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасынан жүлделі оралды

Алматы қаласындағы NIS FMN оқушылары халықаралық олимпиададан жүлделі оралды.

Жыл сайын халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзербайжан, Қытай және тағы басқа елдің оқушылары қатысады.

Биыл аталған жарыста Алматыдан 6 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде, барлық қатысушы жүлделі орындардан көрінді.

Алтын медаль жүлдегерлері – Таир Сатубалдин мен Әбдіразақ Нұрасыл

Күміс медаль иесі – Ақерке Нұрахметова

Қола медаль жеңімпаздары Альдинаш Сейтенов, Арсен Нәрік пен Әлімжан Тұрдаұлы.

Айта кетсек, NIS FMN «Жібек-жолы» олимпиадасында үшінші жыл қатарынан жүлде алып отыр.

2019-2020 жылдары Таир Сатубалдин I орын алса, сол жылы Әбдіразақ Нұрасыл III-орын иеленген.

Ал, былтырғы олимпиадада Әбдіразақ Нұрасыл, Таир Сатубалдин мен Әлімжан Тұрдаұлы қола жүлдегер атанған болса, күміс медальді Альдинаш Сейтенов иеленген болатын.

Аталған олимпиадаға Қазақстаннан оқушылар 2003 жылдан бері қатысып келеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА