07.07.2024

Мектеп оқушысы әлем чемпионы атанды

Швецияда жасөспірімдер арасында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Әлемнің бірнеше мемлекетінен кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылар топқа түскен аламанда қазақ баласы Ерсен Станбек әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Байрақты бәсекеде ондаған елдің жүздеген жас перілері сынға түсті. Жаһандық додада бірнеше қарсыласымен күш сынасқан Ерсен Станбек білек күшінің басым екенін айқын көрсетіп, жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Он бірінші сыныптың оқушысы алдағы уақытта жеңісті жорығын жалғастыра беру жолында еңбектенбек.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА