07.07.2024

Биыл 1003 ауыл мектебі жаңғыртылады

Биыл 1003 ауыл мектебі жаңғыртылады. Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлім етті.

560 мектепке күрделі және кешенді ағымдағы жөндеуден өтеді. 2068 пәндік кабинет сатып алынып, 598 мектепте жиһаз жаңартылады. 862 кітапхана жаңғыртудан өтіп, кемінде 2 млн көркем және танымдық балалар әдебиеті сатып алынады. 574 асхана жаңғыртылып, 554 мектепте қауіпсіздік жағдайлары жақсартылады», – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ол заңнамалық деңгейде оқушылар сарайларын, музыка және көркемөнер мектептерін жекешелендіруге жол бергізбеу нормаларын енгізу бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.

«Балаларды үйірмелер мен курстармен неғұрлым көбірек қамту үшін алғаш рет биыл қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру механизмі іске асырылады.

Сондай-ақ, алғаш рет ерекше балақайларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мемлекеттік тапсырыс енгізілетін болады.

50 мың балаға 1 психологиялық медицина-педагогикалық комиссия (ПМПК) жаңа нормативін енгізу бойынша жұмысты бастадық. Осыған сәйкес 2022 жылы ерекше балалар үшін – 17 жаңа ПМПК ашылуы тиіс», – деген министр биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай жоғары оқу орындарының гранттары берілетінін айтты. Ал олардың ұстаздарына арнайы сыйақы берілмек.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА