24.07.2024

Петропавлдық оқытушы Оксворд университетінің құрметті профессоры атанды

Петропавлдағы Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжі директоры Рауза Кашенева Оксворд университетінің құрметті профессоры атанды.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда Рауза Кашенева өнерді дамытуға және талантты жастарды тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін Оксворд университетінің құрметті профессоры атанып, орденімен марапатталды.

Рауза Кашенева – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Білікті ұстаздың шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Рауза Әбутәліпқызының өзі де сахнада ән айтып, республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдерге, байқауларға қатысып тұрады.

Ол итальяндық ұлы органист, Ватиканның радио және теледидар директоры Артуро Сакеттидің Таллин қаласындағы Домский соборында өткен концертіне қатысты.

Нидерландыға гастрольге шығып, 15 жеке концертін берді. Амстердам консерваториясында болған Бельканто фестиваль-конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Осы сапарында 74 минутқа созылған концертінің дискісін шығарды.

2010 жылы Рауза Кашенева Еуропа ректорларының халықаралық клубына қосылып, оның құрметті мүшесі атанды. Бұл Оксфорд қаласында өткен «XXI ғасыр көшбасшылары» халықаралық саммитінде болды.

2011 жылы ол басқаратын колледж European QUALITYA WARD – «Еуропалық сапа» халықаралық марапатын алды.

2012 жылы KPE және Еуропалық бизнес Ассамблеясының шақыруымен Вена қаласында өткен халықаралық форумға және рождестволық рыцарьлар балына қатысып, Вена симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті.

2012 жылы Халықаралық ғылыми-өнеркәсіптік палата Бельгияда алтын медаль мен Demerito дипломын табыс етті.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА